Мемлекеттік сатып алу саласында 6 мың бұзушылық анықталды

537

2023 жылғы қаңтарда 1,3 трлн теңгеден астам сомаға 65 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды. 

Мемлекеттік сатып алу саласында 6 мың бұзушылық анықталды Фото: dknews.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2023 жылғы қаңтарда 1,3 трлн теңгеден астам сомаға 65 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша 6 038 рәсім бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың 73%-ін орындады", – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Оның айтуынша, 136 аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудитпен шамамен 68 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. 3 млрд теңгеге жуық қаржылық бұзушылықтар анықталды.

"Тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепте көрсету жолымен 320 млн теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 131 ұсыным берілді", – деді Жамаубаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу