Мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар үшін 74 адам жауапқа тартылды

284

Биыл Жетісу облысының прокуратурасы 3 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алуды тоқтатты.  

Мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар үшін 74 адам жауапқа тартылды Фото: Ratel.kz

Мемлекеттік органдар негізінен әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарын негізсіз асыра бағалады, міндетті мемлекеттік сараптамасыз автожолдар салуға конкурстар жариялаған.

Алакөл ауданында прокуратураның қадағалау актілері бойынша 10 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, оның ішінде 4 ауылдық округтердің әкімдері бар.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың 74 лауазымды тұлға ӘҚБтК-нің 207-бабы (Мемлекеттік сатып алуды бұзу) бойынша жалпы сомасы 13 млн теңгеге айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу