Мемлекеттік сатып алу шарттарының көлемі 5,9 трлн теңгені құрады

728

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отырысында сенаторлар мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мемлекеттік сатып алу шарттарының көлемі 5,9 трлн теңгені құрады

"Қаржы министрлігі электронды қаржы орталығының дерегінше, 2020 жылы жасалған мемлекеттік сатып алу шарттарының көлемі 5,9 трлн теңгені құрады. Оның ішінде 2,4 трлн теңгеден астам сомаға тең шарттар тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жасалды. Бұл көрсеткіш мемлекеттік сатып алулардың жалпы көлемінің 40%-дан астамын немесе жалпы ішкі өнімнің 3,6%-ын құрайды", – деді жиында депутат Еділ Мамытбеков.

Заң жобасындағы жаңашылдықтың бірі – бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажетті негіздеме санын қысқарту. Осыған орай әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алуды тауарлар мен олардың бағалары туралы ақпаратты орналастыратын Мемлекеттік сатып алу веб-порталы интеграциялаған жаңа ақпараттық жүйе – электрондық дүкен арқылы жүргізу ұсынылды. Мұндай сатып алу жалпы құны АЕК-тің 4 мың  еселенген мөлшерінен аспайтын біртекті тауарларға жүргізіледі.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу