Мемлекеттік сатып алу тәртібі өзгереді

932

Сенат депутаттары мемлекеттік сатып алу тәртібін жетілдіруді көздейтін құжатты қабылдады. 

Мемлекеттік сатып алу тәртібі өзгереді

Заң жобасын Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Министрдің мәлімдеуінше, құжатта бір көзден сатып алуды қысқарту, сыбайлас жемқорлық тәуекелін төмендету, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру сынды бағыттарға басымдық берілді. 

"Бір көзден сатып алуды қысқарту бағытында заң жобасында тікелей шарт жасасудың 52 негізінен 4 негізін алып тастау ұсынылды. Бірқатар негіздер іс жүзінде қолданылмайды, ал мемлекеттік білім беру тапсырысы шын мәнінде мемлекеттік сатып алу болып табылмайды. Мемлекеттік білім беру тапсырысын алып тастау бір көзден сатып алу көлемін едәуір қысқартады. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу заңның 39-бабы 3-тармағының 42 тармақшасы шеңберінде жүргізіледі. Бұл маңыздылығы төмен сатып алулар саны жағынан бір көзден сатып алу көлемінің едәуір бөлігін құрайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекеліне бейім болып табылады. Осыған байланысты заң жобасынан 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі тауарларды, сондай-ақ 500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысты негіздемені алып тастау ұсынылды", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу