Құжат Сенатқа жолданады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құжатқа сәйкес, енді EPC-келісімшарттар енгізіледі.
"EPC-келісімшарты – бұл объектіні салу және оны пайдалануға беру бойынша толық аяқталған құрылыстың кешенді жұмыстары. Жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде бір өнім берушінің жауапкершілігі болады. EPC-келісімшарттар жасасу үшін дайындық рәсімдерінің мерзімдері қысқа болуы тиіс, бұл басымдығы жоғары және шұғыл жобаларды іске асыру кезінде әкімдіктердің жеделдігін айтарлықтай арттырады. Отандық өндірушілерді қолдау үшін офтейк-келісімшарттарды қолданып, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу ұсынылады", - деді депутат Руслан Қожасбаев.
Бұдан былай мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуы қоғамдық бақылауға алынады. Бұл құрылысқа байланысты жұмыстарға қатысты.
Қосалқы мердігерлік жұмыстың ықтимал көлемі 50 пайыздан 30 пайызға дейін қысқартылады. Ауыл әкімдіктері үшін бір көзден сатып алу шегі 3000 АЕК-тен 4000 АЕК-ке дейін ұлғаяды. Тапсырыс беруші жұмыс орнында тіркелген жеткізушінің материалдық және еңбек ресурстарының болуын талап етуге құқылы. Сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыру үшін әлеуетті жеткізушілердің рейтингін енгізу ұсынылады. Оны ақпараттық жүйелердегі деректер мен мәліметтер негізінде веб-портал жасайды.