"Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа заң әзірленіп жатыр

485

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау үшін "Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа Заңды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.  

"Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа заң әзірленіп жатыр Фото: ult.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа Заңның негізгі мақсаттары – рәсімдерді егжей-тегжейлі реттеместен заңға икемділік беру, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, одан әрі цифрландыру есебінен сатып алу процесін оңайлату және сатып алулар бойынша бірыңғай платформа құру. Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар қатарынан жұмыс тобы құрылды. Бірлескен талқылаудың, сондай-ақ проблемалық мәселелерді анықтау тұрғысынан заңнамаға жүргізілген нәтижелер бойынша жаңа заңның негізгі тәсілдері әзірленді. Қазіргі уақытта заң жобасы реттеушілік саясаттың консультативтік құжатының жобасы қоғамдық талқылауда", - деді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу