Вице-премьердің пікірінше, мемлекеттік кіріс органдары кәсіпкерлер үшін қиындық туғызбай салық-кедендік әкімшілендіруді күшейтуге тиіс, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Нақтыланған бюджет шығысы 1,2 трлн теңгеге өсті. Осыған байланысты орталық және жергілікті атқарушы органдар бюджеттің әрбір деңгейінде тиісті бюджеттік рәсімдерді жедел жүргізуі қажет. Бұл жерде орталық және жергілікті органдардың өзара іс-қимылына басымдық берілуге тиіс. Бұл – қаржыландыру және мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгеріс енгізу, сонымен қатар келісімшарттарды дер кезінде жасау деген сөз", – деді Әлихан Смайылов.
Қанат Махамбет