Мемлекеттік сатып алуда қосалқы мердігерлер үлесі азаяды

219

Құрылыс саласында бастан-аяқ оның барысына бір ғана адам жауап беретін халықаралық стандарттар енгізілді.

Мемлекеттік сатып алуда қосалқы мердігерлер үлесі азаяды Фото: freepik.com

Заңда міндеттемелерді тиісінше орындау мақсатында өнім беруші қосалқы мердігерлерге беретін жұмыстар (қызметтер) көлемін 50-ден 30 пайызға дейін қысқарту көзделген, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты. 

"Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңда келесі новеллалар қарастырылған:
- сатып алу рәсімдерін оңтайландыру және оларды қарау мерзімдерін қысқарту;
- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік сатып алу уәкілетті орган бекітетін тәртіппен және көлемдерде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша жүзеге асырылатын болады;
- бір көзден алу тәсілімен офтейк-келісімшарттар жасасу мүмкіндігі;
- мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміндегі заңды тұлғаларды басқаруға, мекемеге, жарғылық капиталына қатысуға байланысты аффилиирленген компаниялардың және тұлғалардың сатып алуға қатысуын шектеу жөніндегі шараларды күшейту.

"Сондай-ақ, объектіні жобалау, салу және пайдалануға беруден бастап сол жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде бір жеткізушінің жауапкершілігін белгілей отырып, толық дайын түрінде берілетін құрылыс туралы шартын, яғни кешенді толық дайын түрінде берілетін құрылысты жасасу көзделеді.

Шағын сатып алуды жедел жүзеге асыру үшін бір көзден 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді 500 айлық есептік көрсеткішке дейін, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді 4000 айлық есептік көрсеткішке дейін сатып алу мүмкіндігі көзделген", - дейді сенатор Әлібек Нәутиев.

Сонымен қатар, заңда міндеттемелерді тиісінше орындау мақсатында өнім беруші қосалқы мердігерлерге беретін жұмыстар (қызметтер) көлемін 50-ден 30 пайызға дейін қысқарту көзделген. Бұл ретте қосалқы мердігерлерге орындалатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің көлемін өзге қосалқы мердігердің беруіне тыйым салынады.

Мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағымдану тетігі жетілдірілуде. Осылайша, шағымдарды қарауды тікелей сатып алуды ұйымдастырушының өзі жүзеге асырады, ал сот тәртібімен шағымданған жағдайда сатып алу рәсімін тоқтатылмайды.  

Ілеспе Заңда "Мемлекеттік сатып алу туралы" негізгі Заңға сәйкес келтіруге, сондай-ақ нормалардың артық заңнамалық регламенттелуін болдырмауға бағытталған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске және Қазақстан Республикасының 17 Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Атап айтқанда, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте мемлекеттік сатып алу қорытындыларын қарау және шағымдану мерзімдерін қысқарту, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы сот қаулыларының заңды күшіне енуі және тағы басқалары көзделеді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өнім беруші онымен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда өнім берушілерді Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талаппен сотқа жүгінбегені немесе уақтылы жүгінбегені үшін тапсырыс берушінің жауаптылығын көздейтін түзетулер енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу