Мемлекеттік сатып алудағы қылмыстар анықталды

911

Мемлекеттік сатып алу бойынша заң бұзушылық көлемі 191 миллиард теңгені құрады.

Мемлекеттік сатып алудағы қылмыстар анықталды

Мемлекеттік сатып алу жүйесін майшелпекке айналдырғандардың тағы бірсыпырасының қылмысы әшкерленді. Бүгін қаржы министрі Әлихан Смайылов үкімет отырысында бюджеттің алғашқы 4 айдағы есебін баяндап, заң бұзу деректерінің 191  млрд теңгеге шығын әкелгенін жеткізді. Қазір бұл ақшаның 175 млрд теңгесі кері бюджетке қайтарылған.

Ведомствода жалпы 3,6 трлн теңгені құрайтын 592 мың процедураға аудит жүргізіліпті. Нәтижесінде, 11,8 мың  мемлкеттік сатып алу қызметінде шикілік анықталған. Әлихан Смайылов аудиттің әлі де жүріп жатқанын айтады. Қазір құзырлы орынға 19,1 млрд теңге  бойынша 157 материал жіберілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу