Үкімет отырысында қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мемлекеттік сатып алу мерзімдерін қысқарту бойынша қабылданып жатқан шараларды баяндады.
Бұған дейін конкурс өткізуге және сатып алу жеңімпазын анықтауға шамамен 2 ай уақыт кететін, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ рейтингтік-балдық жүйе бойынша өткізілетін конкурс 5 күнге дейін қысқарған. Бұрын бұған 29 күн кететін. Премьер-министр Олжас Бектенов бұл бағыттағы оң серпінді атап өтті.
"Жыл басынан бері біз конкурстардың мерзімдерін едәуір қысқарттық. Маған баяндалғандай, қазіргі таңда конкурстар бір аптаның ішінде өтіп жатыр. Бұл расында да солай ма?", – деп сұрады Бектенов.
Вице-министр жаңа заңнама аясында мерзімдер 10 күннен 5 күнге дейін қысқартылғанын баяндады.
– Жаңа заңға сәйкес және сіздің тапсырмаңыз бойынша біз қағидаларда мерзімдерді қысқарттық. Рейтингтік баллдық жүйе бойынша мердігер 5 күнде таңдалынып алынады. Ал, конкурс бойынша мердігер 10 күнде анықталады. Біз мерзімдерді қысқартумен қоса, процестерді оңтайландырдық және автоматтандыру процестерін қосып жатырмыз, – деп мәлімдеді қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл.