Мемлекеттік сатып алудың ІТ алаңы тамызда іске қосылады

786

Мемлекеттік сатып алудың ІТ алаңы тамызда іске қосылады

Мемлекеттік сатып алулар бір алаңға жинақталмақ. Салаға жауапты ведомства басшысы Сәбит Ахметов біріңғай жүйе тамыз айында іске қосылатынын жеткізді, деп хабарлайды Atameken Business.

ІТ платформаны әзірлеу "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүктелген. Орталықтанған қызметке бірінші кезекте ел ішіндегі сұранысты анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде бизнес нарығының қарқынды дамуына септеседі.

"Қазір мемлекеттік сатып алу сайтында 3,5 трлн теңге болса, бәрін қосқанда біріңғай портал арқылы 15 трлн теңгеге жетеді. Бұл өте үлкен сома, кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік, жеңілдік бір сайтпен жұмыс істеу әлдеқайда жеңіл", - дейді ҚР ҚМ мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамалар департаментінің директоры Сәбит Ахметов.

Соңғы екі жылда сатылымдар толықтай электронды жүйеге көшкен. Нәтижесінде былтыр шамамен 250 млрд теңге үнемделген. Алайда бұл жаңашылдық жалған кәсіпкерлердің санын арттырып жіберді дейді мамандар. Осыған орай қолданыстағы заңға бірқатар өзгерістер енгізілмек. Заң жобасы биылғы жылдың екінші жартысында қабылданады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу