Мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалады

707

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған, деп жазады inbusiness.kz.

Мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалады

"Мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән береді. Еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсетіледі. Бұл – негізгі талап. Сонымен қатар мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізіледі. Мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалады. Бағаның төмен болуы ғана емес, тауарлар мен қызметтердің сапасы басты назарда болады", – деп жазылған Жолдауда.

Сондай-ақ Президент Мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуды бірыңғай платформаға көшіруді, осының бәрін жүзеге асыру үшін "Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа заң қабылдауды тапсырған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу