Мемлекеттік сатып алуға байланысты қылмыстық іс көбейді

783

Мемлекеттік сатып алуға байланысты  қылмыстық іс көбейді

Жыл бойы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ мемлекттік тендерінің 94 пайызын бір ғана компания алып отырған, деп хабарлайды ktk.kz.

Мемлекеттік қызмет  істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, Алик Шпекбаев "Ұлттық компаниялардың тиімді дамуына жемқорлық кедергі болып отыр. Қылмыстық істер көбейді, биыл небары төрт айда 51 қылмыс тіркелген. Оның тең жартысы мемлекеттік сатып алуға байланысты", — дейді.

"Ұлттық компаниялар мемлекеттік тендерге бөлінген бюджет қаржысын қай кәсіпкерге беруді өздері таңдап отырған. Ал бизнесмендер "ұлттық компаниялар тендерге қатысу үшін пара сұрайды" деп жиі шағымданды", — дейді Шпекбаев.

Мысалы, "Самұрық-Қазынадағы" тендердің 94 пайызын жыл бойы жалғыз компания ұтып отырған. Сондықтан, жемқорлыққа қарсы агенттік квазимемлекеттік сектордың қазына қаржысын қалай және қайда жұмсағанын жіті тексеруді және тендерді электронды жүйге көшіруді ұсынды.

Сонымен қатар, байқау өткізетін қызметкерлерді екі жылда ауыстырып тұру қажет. Ал қаржы министрлігі ұлттық холдингтерді тескеру үшін арнайы заң жобасын әзірлеп жатыр.

- Жаңа құжатқа сай, біріншіден, қаржы министрлігі  "Самұрық Қазына", "Бәйтерек", "ҚазАгро" сынды ұлттық компанияларға тендер өткізудің біріңғай тәртібін белгілейді. Екіншіден, министрлік мемлекеттік сатып алудың қалай жүргізілгенін тексереді, — деді ҚР қаржы министрлігінің департамент директоры Сәбит Ахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу