Мемлекеттік сатып алуға конкурсты өткізу мерзімі қысқартылады

195

Бүгінде конкурсты өткізу мерзімі шамамен 2 айды құрайды.

Мемлекеттік сатып алуға конкурсты өткізу мерзімі қысқартылады Фото: canva.com

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекеттік сатып алу саласындағы проблемалардың бірі – рәсімдердің ұзаққа созылуы. Қолданыстағы заңда мерзімдерді регламенттейтін тікелей нормалардың болуы, оларды қағидалар деңгейінде көздеуге мүмкіндік бермейді.  Бүгінде конкурсты өткізу мерзімі шамамен екі айды құрайды" - деді вице-министр.

Енді рәсімдердің мерзімі қайта қаралып, конкурсты өткізу мерзімі қысқартылмақ.

"Заңмен 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі тауарларды, 500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алу көзделген. Сонымен қатар ауылдық әкімшіліктер үшін 4000 айлық есептік көрсеткішке дейін тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді бір көзден алу мүмкіндігі беріліп отыр", - деді вице-министр.

Айта кетейік, осыған дейін құрылысқа байланысты жұмыстарға қоғамдық мониторинг енгізілетінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу