Мемлекеттік сатып алуларда отандық өндірушілерге қолдау күшейеді

171

Отандық кәсіпкерлер мен елімізде шығарылған тауарлар мен қызметтердің тізімі бекітіледі. 

Мемлекеттік сатып алуларда отандық өндірушілерге қолдау күшейеді Фото: kapital.kz

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер вице-министрден мемлекеттік сатып алу процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері қандай болатынын сұрады.

"Жаңа заңда мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері көзделген. Тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім беруші арасындағы тепе-теңдік және олардың құқықтары бірдей", - деді Дәурен Кеңбеил брифингте.

Вице-министрдің сөзінше, отандық кәсіпкерлерді қолдау бойынша тиісті заңмен бірқатар шара енгізіліп отыр.

"Біріншіден, отандық кәсіпкерлердің және біздің мемлекетте шығарылған тауарлар мен қызметтердің тізімін бекіту. Бұл біздің құзыретімізге енгізіліп отыр. Заң енді қабылданды. Қазір ұлттық кәсіпкерлер палатасымен отандық өндірушілердің және тауарлардың тізімін айқындайтын боламыз", - деді ол.

Бұдан басқа офтейк-келісімшарттар жасасуға қатысты ережелер енгізіліп, өнім берушілердің жауапкершілігін күшейту де көзделіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу