Мемлекеттік саяси қызметшілер қатарынан қандай шенеуніктер алынып тасталмақ?

11888

Жарлық жобасы Ашық НҚА порталында  жарияланды.

Мемлекеттік саяси қызметшілер қатарынан қандай шенеуніктер алынып тасталмақ?

Саяси-айқындаушы сипаттағы міндеттер мен функциялардың болмауына байланысты бірақатар шенеунік мемлекеттік саяси қызметшілер қатарынан алынып тасталады. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жарлықтың жобасын талқылауға шығарды, деп жазады inbusiness.kz.

Жарлық жобасында көрсетілгендей, Президент Архиві директорының орынбасарлары, Тұңғыш Президент Кітапханасы директорының орынбасарлары, Президент Іс Басқармасы ведомстволарының басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарын мемлекеттік саяси қызметшілер қатарынан алып тастау ұсынылады.

Түсініктемеде мемлекеттік саяси қызметшілердің санын олардың мемлекеттік саясатты қалыптастыруға нақты қатысуын ескере отырып қайта қарау орынды деп айтылған. 

"Жарлықты қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды және мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы бөлуді талап етпейді", – деп жазылған түсіндірме жазбада.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 19 шілдедегі резолюциясында Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтың жазбасына аталған қызметшілердің саяси-айқындаушы сипаттағы міндеттері мен функциялары болмауына байланысты оларды бірқатар саяси лауазымдардан шығару туралы тәсіл мақұлданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу