Мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз тасымалдаған 1019 құқықбұзушы ұсталды

529

Уәкілетті органдар барлық дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді жүргізіп жатыр.  

Мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз тасымалдаған 1019 құқықбұзушы ұсталды Фото: stan.kz

2023 жылы мемлекеттік шекара арқылы тауарларды заңсыз тасымалдаған 1019 құқық бұзушы ұсталды, деп жазады inbusiness.kz ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жыл басынан бері мемлекеттік шекара арқылы 1 млрд 390 млн теңгеден астам сомаға халық тұтынатын тауарларды, автомобиль бөлшектерін, темекі бұйымдарын және басқа да тауарларды заңсыз тасымалдаудың 143 дерегі анықталып, 1019 құқық бұзушы ұсталды", - делінген хабарламада.

ҰҚК Шекара қызметінің хабарлауынша, Таразда заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырды деген күдікпен шетел азаматы ұсталды. Ал, Талдықорғанда тәртіп сақшыларының көмегімен екі қазақстандық ұсталып, олардан 222 ақбөкен мүйізі тәркіленді.

"Жамбыл облысының Мерке ауылында Қазақстан азаматы ұсталып, оның тұрғылықты жері бойынша 8 кг "гашиш" есірткі заты тәркіленді. "Жаңажол" (СҚО) және "Қордай" (Жамбыл) өткізу пункттерінде 160 млн теңгеден астам сомаға автокөлік бөлшектері мен электрондық темекілерді заңсыз алып өту әрекеттерінің жолы кесілді", - деп хабарлады ведомство.

Бұдан басқа өткізу пункттерін жаңғырту бойынша жұмыстар да қолға алынған.

Осы жылдың 16 қаңтарынан бастап Елорда әуежайында шекараны кесіп өтетін қазақстандық азаматтарды тексеру және есепке алуды жүзеге асыратын "Q-Gate" шекаралық бақылау жүйесі пайдалануға берілді. Автоматтандырылған жүйе ҚР азаматтарының төлқұжат деректерін тексеріп, бұзушылықтар болмаған жағдайда оларды өз дерекқорында автоматты түрде тіркейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу