Мемлекеттік шекара туралы заң талқыланды

1295

Құжатқа қатысты қорытынды жыл соңында ұсынылады. 

Мемлекеттік шекара туралы заң талқыланды

Мәжілісте "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды.  

"Заң жобасы бір топ мәжіліс және сенат депутаттарының бастамасымен әзірленді. Құжат мемлекеттік шекараны қорғау бойынша заңнаманы жетілдіруді көздейді және құқық қорғау әрі арнаулы орган қызметкерлерінің өткізу пунктерінде болу тәртібін реттеуді, сондай-ақ шекара қызметінің қажетті инженерлік-техникалық құралдары, құрылыс-жайлары мен бөгегіштерді орнату жөніндегі құзыретін нақтылауды қарастырады", – деді депутат Мұхтар Ерман.

Аталмыш заң жобасына қатысты қорытынды 2020 жылғы 23 желтоқсанға дейін әзірленеді. Қорытындыны халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері ұсынады. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу