Мемлекеттік шекарада шетел азаматының көлігінен есірткінің ірі партиясы табылды

490

Бұл факт бойынша материал ҚР ҚК 297-бабының 3-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.  

Мемлекеттік шекарада шетел азаматының көлігінен есірткінің ірі партиясы табылды Фото: gov.kz

ҚР ҰҚК есірткі заттарының ірі партиясын Қазақстан Республикасына кіргізу әрекетінің жолын кесті.

2023 жылғы 6 наурызда Түркістан облысы Сарыағаш ауданы аумағының "Жібек жолы" өткізу пунктінде шекара наряды шетел азаматы жүргізіп келе жатқан автокөлікті тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, көлікті тексеру барысында жанармай құятын бөлігінде жасырылған 14 келіге жуық есірткі және психотроптық заттар табылды. Оның ішінде 5 келі 290 грамм героин, 792 грамм апиын және 5 келі 335 грамм гашиш, сонымен қатар 1 келі 962 грамм синтетикалық есірткі табылды.

"Өзге ақпарат тергеу мүддесінде ҚР ҚК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды. ҚР Бас көлік прокуратурасымен бірге есірткі контрабандасы арналарының жолын кесу бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр", - деп мәлімдеді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу