Мемлекеттік шекараны бұзғандарға қатысты жауапкершілік күшейтілмек

505

Еліміздің мемлекеттік шекарасын бұзғандарға жауапкершілік күшейтілмек. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Мемлекеттік шекараны бұзғандарға қатысты жауапкершілік күшейтілмек Фото: gov.kz

"Мемлекеттік шекара режимі мен шекара режимін бұзуға қарсы тұру мақсатында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кешенді алдын алу іс-шараларын жүргізеді. Шекаралас аймақтың жергілікті тұрғындарымен үнемі жиындар мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады", - деді Үкімет басшысы жауабында.

Оның атап өтуінше, бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда шекаралық аумақта заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ақпарат жарияланып отырады.

"Қылмыстық заңнаманы оңтайландыру аясында ҰҚК мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту мәселесін қарастыруда. Одан бөлек, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру мақсатында Үкімет жанында Мемлекеттік шекара комиссиясы, сондай-ақ облыс және аудан әкімдіктері жанында шекара мәселелері бойынша үйлестіру кеңестері жұмыс істейді", - деді Әлихан Смайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу