Мемлекеттік шекараны демаркациялау құжаттарының жобасы әзірленді

1008

Қазақстан-Өзбек демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті.

Мемлекеттік шекараны демаркациялау құжаттарының жобасы әзірленді

Алматы қаласында бірлескен Қазақстан-Өзбек демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Тараптар Қазақстанның Маңғыстау облысы мен Өзбекстанның Қарақалпақстан арасындағы учаскеге мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын әзірледі.

Кездесу барысында 160 шекаралық бағанадан тұратын шекара белгілері хаттамаларының жобалары, сондай-ақ бұл шекара белгілерінің координаттары мен биіктіктерінің каталогы дайындалып, қол қойылды.

2019 жылдың қарашасында Қазақстан-Өзбек мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде далалық демаркациялық жұмыстарды жүзеге асыру уағдаластыққа қол жеткізілді.

Келіссөздер дәстүрлі достық және сындарлы ахуалда өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу