Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі өзгерді

1392

Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен 2 ақпаннан бастап шекарадан өту тәртібіне жеңілдіктер енгізілген.

Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі өзгерді

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы онлайн баспасөз мәслихатында баяндады, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі. 

"Шекара маңы аудандарында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты 2021 жылғы 2 ақпаннан бастап ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне бірқатар жеңілдіктер енгізілді. Қазақстан азаматтары үшін, сонымен бірге шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін де шекараны кесіп өту жиілігі 3 есеге (90 тәулікте 1 реттен 30 тәулікте 1 ретке дейін) ұлғайтылды", – деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол емделуге, оқуға бару, қызметпен, отбасы мүшелерін жерлеуге, отбасындағы жағдайы ауыр науқасқа күтім жасау, жолаушы тасымалы, халықаралық тасымал үшін шектеу жоғын атап өтті. 

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тікелей әуе қатынасы қайта қалпына келген тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстермен өзге мемлекеттерге шетелдіктердің шығуына, Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне немесе аумағы арқылы транзиттік жолаушы ретінде  өтуіне рұқсат етіледі", – деді министр. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу