Биыл 24 шілдеде Иран Ислам Республикасының 3 азаматы балық аулау кезінде Каспий теңізі арқылы Қазақстан Республикасы шекарасын заңсыз кесіп өткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған азаматтар ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің әскери қызметшілерімен ұсталған.
– ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-1-бөлігімен, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша мемлекеттік шекараны өткізу пункттерінен тыс жерде қасақана заңсыз кесіп өту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қарақия аудандық сотының үкімімен Иран Ислам Республикасының үш азаматы кінәлі деп танылып, оларға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарып жібере отырып, бір жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімі қазіргі уақытта заңды күшіне енген жоқ, – делінген Бас прокуратура таратқан мәліметте.
Жаза кеткен жөн, мемлекеттік шекараны өткізу пункттерінен тыс жерде заңсыз кесіп өту заңнамада белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.