Мемлекеттік шығыс 80 млрд теңгеге қысқартылады – Ерұлан Жамаубаев

815

Мәжіліс депутаттарының назарына 2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы ұсынылды. Құжатқа өзгеріс енгізілетін болды.  Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мемлекеттік шығыс 80 млрд теңгеге қысқартылады – Ерұлан Жамаубаев Фото: inbusiness.kz

"Республикалық бюджет түсімі 1,1 трлн теңгеге ұлғайып, 12,6 трлн теңгені құрайды. Жалпы ішкі өнімге қатысты бюджет тапшылығы 3,5% деңгейінде болжанып отыр. Ал республикалық бюджет шығысының көлемі 
1,3 трлн теңгеге артып, 15,3 трлн теңгені құрайды", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Министрдің мәлімдеуінше, қазына қаржысының 884 млрд теңгесі жол салуға, жөндеуге, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға, азаматтарды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге, 
"Ауыл – ел бесiгi" бағдарламасы аясында ауылдарды жаңғыртуға жұмсалады. Коронавирус инфекциясымен күреске 265 млрд теңге бөлінеді. 

"Бюджеттің әлеуметтік саласына қарастырылатын қаржы 374 млрд теңгеге ұлғайып, 7,5 трлн теңгені немесе жалпы шығыстың 48,7%-ын құрайды. Күш құрылымдарының шығысы 211 млрд теңгеге жетеді. Мемлекеттік шығыс 80 млрд теңгеге қысқартылып, 3,3 трлн теңге болып бекітіледі", – деді Ерұлан Жамаубаев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу