Оңтүстік Қазақстандағы ірі өндіріс орындарының бірі "Ордабасы құс" компаниясы жергілікті кәсіпкерлер палатасынан қолдауына мәжбүр. Олар "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамымен арада туындаған дауды заң шеңберінде шешіп беруді сұрап отыр. Күркетауық өсірушілердің айтуынша, серіктестік агроөнеркәсіп кешенінде инновациялық инвест-жобаны жүзеге асырып отыр. Сол жобаға сәйкес компания 20 мың тонна жүгері өңдейтін кептіргіш кешен қоймасын салуға кіріскен. Инвест-жобаны қаржыландыру мақсатында "ҚазАгро қаржы-мен" -шарт жасалып, соған сәйкес ол жабдықты сатып алуы тиіс болған. Алайда "ҚазАгроҚаржы" бидайды сақтайтын қойма кешеніне жабдықтарды мерзімінде рәсімдемей, оны уақытша сақтау мерзімін де ұзартпаған. Сондықтан Ордабасы құс мамандандырылған әкімшілік сотқа жүгінуіне тура келген.
Маржан Сарыбаева, ОҚО КП Кәсіпкерлердің құқын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің сарапшысы:
Соттың шешімімен "ҚазАгроҚаржы" әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Компанияға 100 АЕК айыппұл төлеу міндеті жүктеліп, құны 60 млн тұратын жабдық мемлекет пайдасына тәркіленді. Тәркіленген жабдықтың салдарынан кәсіпорын инвестициялық жобаны жүзеге асыру мерзімінен кешігуде. Өйткені сотқа берілген апелляциялық шағым еш нәтиже бермеген.
"Ордабасы құс" кәсіпорнының басшысы мәселенің оң шешілетініне сенім артып отыр. Олай болмаған жағдайда мекемедегі жұмысшылар санын қысқартуға тура келеді дейді. Ал мемлекеттік тапсырыс мерзімінде орындалмайтын болады.