Эстонияда мемлекеттік тілді жеткілікті деңгейде меңгермеген адамдарға қатысты жаза мен айыппұлдарды қатаңдатылмақ. Осы мақсатта жаңа тіл туралы заң жобасы әзірленді. Бұл туралы AZƏRTAC агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Басылымның жазуынша, айыппұлдар эстон тілін меңгермеген кейбір азаматтарға ғана қатысты. Бұған қолданыстағы айыппұл мөлшерінің ондаған жыл бойы өзгермеуі себеп. Осы уақыт аралығында Балтық жағалауындағы елде орташа жалақы төрт есе өскен.
Эстонияның ERR мемлекеттік телерадио порталы хабарлағандай, "Тіл туралы" заңда мемлекеттік тілді талап етілген деңгейде білмейтін адамға айыппұл салу қарастырылған. Бұл айыппұл алғаш рет эстон кронасы кезінде белгіленген. Дәл осы мөлшердегі айыппұл эстон тілінде сөйлейтін, бірақ тілді толық меңгермеген сатушыға да, мемелекеттік тілді маңызды деп санамайтын сауда желісіне де салынуы мүмкін.
Білім министрлігі тіл саясаты бөлімінің кеңесшісі Кятлин Кывериктің сөзінше, заң жобасындағы басты мақсат – тіл талаптарының орындалуына бақылауды күшейту. Осылайша билік қатаң шаралар арқылы адамдарды эстон тілінде сөйлеуге көбірек итермелеуге болады деп отыр.
Заң жобасы бойынша жеке тұлғаларға салынатын айыппұл сомасы 1280 еуроға дейін барады. Қазір бұл көрсеткіш 640 еуроға тең. Ал компаниялар үшін 9600 еуроға дейін жетуі мүмкін.