Мемлекеттік туды балконға ілуге рұқсат берілді

1171

Бұл туралы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын пайдалану туралы" тақырыбында өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті.  

Мемлекеттік туды балконға ілуге рұқсат берілді

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолданыстағы мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін қайта қарау туралы тапсырма берген еді. Енді міне, үкіметтің 27 қарашадағы №801 қаулысына сәйкес осындай өзгерістер енгізілді.

"Қаулыға сәйкес мемлекеттік туды жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда, тұрғын үйлерде және тұрғын емес үй-жайларда, оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана алады", – деді министр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу