Себебі, бұл баспаналардың иелері оларды заңсыз жалға беріп, табыс көзіне айналдырғаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Тексеру нәтижесінде аталған пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға үлестірілді. Аймақта бағдарлама аясында барлығы 2949 адам сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспанамен қамтылған. Биыл 904 тұрғынның келісімшарт мерзімі аяқталып, олар пәтерлерін босатуға тиіс. Алайда кейбірі бұл баспананы жекешелендіруге мүмкіндік беруді сұрап отыр. Нақты 421 азамат төлем қабілеттілігін растау жұмыстарынан өткен.
Сала мамандарының пікірінше, бағдарламаға қатысқан жастардың көпшілігі қаржы жинақтап, жеке тұрғын үй сатып алуға төлем қабілетін растаған. Қазіргі таңда жастарға жалға берілген пәтерлерді жекешелендіру мәселесі қарастырылып жатыр.