Мемлекеттік жалдамалы пәтерде тұру мерзімі 3 жылға қысқарды

228

Билік жастарға баспананың алғашқы жарнасын жинауға мүмкіндік береміз деп есептейді.

Мемлекеттік жалдамалы пәтерде тұру мерзімі 3 жылға қысқарды Фото: egemen.kz

Елімізде 35 жасқа дейінгі азаматтардың тек 30 пайызында өз баспанасы бар. Мемлекет үйсіз-күйсіз жүрген жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспана ұсынып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Бұл жоба аясында пәтердің ай сайынғы төлемі 5 мың теңгеден 15 мыңға дейін, ал жалдау мерзімі биылдан бастап 3 жыл.

Осылайша, билік жастарға баспананың алғашқы жарнасын жинауға мүмкіндік береміз деп есептейді. Алайда, жастар болса, тапқан табысымыз ішіп-жеуден артылмайды, сондықтан жалға беру уақытын ұзартса екен дейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу