Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік өңірлерде дамымай тұр

472

2005 жылдан бері елімізде 1085 мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шарттары жасалған.

Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік өңірлерде дамымай тұр Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанда мемлекет пен бизнес арасындағы серіктесік өңірлерде дамымай тұр. Бұл туралы Азия даму банкінің өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Айтуларынша, өңірлердегі кәсіпкерлер тікелей бюджеттен бөлінген қаражатқа жобаларын жүзеге асырғанды жөн санайды екен. Сонымен қатар, Қазақстанда мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында көбіне тек әлеуметтік жобалар қолға алынады екен. Ал әлем елдеріндегі тәжірибе мүлде бөлек.

"Бұдан бөлек қала инфрақұрылымы бар. Мысалға, көлік тұрақтары немесе канализация жүйесі. Біз кәсіпкерлерге осыны түсіндіргіміз келеді. Бұл салалар Қазақстанда дамымаған. Өзге Индонезия, Филиппин, Индия секілді елдер осыған басымдық береді. Одан қалдыцифрландыру бар. Осы жұмыстарды істеу үшін арнай қор құру керек", - деді Азия даму банкінің Қазақстандағы тұрақты өкілдігінің директоры Нариман Маннапбеков.

2005 жылдан бері елімізде 1085 мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шарттары жасалған. Оның 88 пайызы білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы жобалар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу