Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жүйесі бойынша қызмет көрсетіп жатыр

878

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жүйесі бойынша қызмет көрсетіп жатыр

Ақтөбеде 37 балабақша, бірнеше медициналық мекеме жаңа жүйеге көшті. Бұдан бөлек спорт және мәдениет саласында ірі жобалар іске асырылып жатыр. Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облысының кәсіпкерлері Ақтөбеде бас қосып, қанатқақты жобаның тиімді тұстарын талқылады. Бірнеше жаттығу залы, би залы мен бассейні бар спорт кешені мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жұмыс істеп тұр.

"Осыдан 10 жыл бұрын ашылған кешенді жаңғыртып, жаңа жабдықтар алу үшін мемлекеттің қолдауына жүгіндік" - дейді спорт кешенінің директоры Асқар Бегімов

Оның сөзінше, биылдан бастап  қаладағы бірнеше спорт командасына мемлекет қаржысы есебінен қызмет көрсетіледі.

"Қалада жасөспірімдер үшін спортпен шұғылданатын залдар тапшы. Сондықтан біз осы кешенді жалға беріп, көмектесіп отырмыз. Біздің де шығындарымыз өтеліп, жалақы мен коммуналдық қызметті бөлінетін қаржыдан төлейміз. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту өңірлік орталығында 48 жоба бойынша жұмыс жүріп жатыр. Әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға 30 млрд-қа жуық инвестиция тартылады. 7 жоба мақұлданып, келісімшарт жасалған. Мұз айдыны сарайы, көз ауруларын емдейтін клиника, балалар стомотологиясы салынып жатыр", - деді Асқар Бегімов.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде әлеуметтік нысандар көптеп ашылып жатыр. Өткен жылы 37 балабақша іске қосылса, биыл 8 бақшаның жобасы әзір тұр. Тек облыс орталығы емес, аудандарда бірнеше емхана салу жоспарланған.

"Инвесторлар өздері жоба ұсына алады. Олар бизнес жоба жасап, жан-жақты зерттеп, кейін мемлекеттік органдарға ұсыныс жасайды. Мысалы дәл қазіргі таңда 2 жоба бойынша келісім жасауға әзірміз. Тағы 2 жоба бойынша байқау жарияладық", - деді облыстық мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту өңірлік орталығының басшысы Раиса Келмұхамбетова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу