Мемлекеттің 100% меншігіндегі ЖОО-лар жекешелендірілмейді

818

"Мәжілістің отырысында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмаларын заңнамалық тұрғыда бекітетін, білім беру үшін маңызды нормалар қамтылған заң жобасы қабылданды. Оның ішіндегі екі тақырыпқа тоқталып өтпекпін",– деп жазды Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Мемлекеттің 100% меншігіндегі ЖОО-лар жекешелендірілмейді

Асхат Аймағамбетов тоқталған тақырыптың бірі ЖОО-ларды жекешелендіруге қатысты болды.

"Жоғары оқу орындары мемлекеттік кәсіпорындардан акционерлік қоғамдарға өзгергеннен кейін академиялық ортада университеттерді жекешелендіруге байланысты түсініспеушіліктер пайда болды. Әсіресе, бұл мәселені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сәтбаев университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушылары көтерді. Аталған мәселені түпкілікті шешу үшін заңға түзетулер енгізуге бастамашылық жасадық. Енді мемлекеттің 100% меншігіндегі жоғары оқу орындарын жекешелендіруге мүмкіндік болмайды, демек бұл университеттер мемлекеттің меншігінде қалады",– дейді ведомство басшысы.

Енді бұл Заң жобасын сенаторлар қолдаса, Мемлекет басшысының қарауына жіберілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу