Мемлекеттің баға саясатына араласуынан кезең-кезеңмен бас тарту керек – Президент

525

Мемлекеттің баға саясатына араласуынан кезең-кезеңмен бас тарту керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Мемлекеттің баға саясатына араласуынан кезең-кезеңмен бас тарту керек – Президент

"Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты өзгеріссіз қалып, азаматтарымыздың әл-ауқатының сапалы және инклюзивті өсуін қамтамасыз етеді. Жаңа экономикалық бағыттың негізгі басымдықтарына жеке кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру, яғни мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шамадан тыс араласуынан бас тарту; бәсекелестікті дамыту, яғни баршаға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету; ұлттық табысты әділ бөлу жатады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бағаларды әкімшілік реттеу тұтас салалардың инвестициялық тартымдылығын төмендететіндігін атап өтті. Бұл өз кезегінде тауарлардың тапшылығына және импортқа тәуелділікке алып келеді. Сол себепті де мемлекеттің баға белгілеуге араласуынан кезең-кезеңмен бас тарту керек деді ол.

Бірақ бұл бәсекелес емес нарықтарға қатысты емес. 

"Монополистердің тарифтері қатаң бақылауда қалады. Бұл қысым көрсету дегенді білдірмейді", - деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу