Мемлекеттік кеңесші – Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин жаңа Констиуцияның мазмұндық ерекшеліктері туралы айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
− Жаңа Констиуцияның орталық идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация айқындалып отыр. Конституцияның жаңа мәтінінде "Конституциялық құрылыстың негіздері" деп аталатынын 1-бөлімнің 1-бабының 3-тармағында "Қазақстан Республикасы – адам капиталының, білімінің, ғылымының, инновацияның дамуын мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп таниды" деп жазылған. Бұл мемлекеттік саясаттағы түбегейлі, маңызды бетбұрыс. Яғни мемлекеттің болашағы қазба байлықтарында емес, білім мен ғылым, адами капитал және азаматтардың жетістігінде дегенді білдіреді. Бұл өте маңызды жаңа ұстаным, − деді Мемлекеттік кеңесші Конституциялық комиссияның бесінші отырысында.
Осылайша Е.Қарин жаңа Конституция "Мемлекет не үшін керек?", "Кім үшін керек?" деген сұрақтарға айқын, нақты жауап беретінін атап өтті.