Қазақстандағы ірі кәсіпорындардың 47 пайызы мемлекеттің меншігінде. Бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды naryk.kz.
Ал орта бизнесте мемлекеттің меншігіндегі нысандар елдегі орта бизнестің жартысынан асады.
Бір жыл ішінде елдегі мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік сектор ұйымдары бар болғаны 0,4% (112 компанияға) қысқарды.
2012-2016 жылдары мемлекеттік экономикадағы үлесінің жоғары қарқынмен артқанын ескерсек, бір жылда мемлекеттің қатысуының азаюы бар болғаны 0,4 пайызды құрауы өте төмен көрсеткіш.
Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылы мемлекеттің экономикадан шығуы 2017 жылдың қазан айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 288 кәсіпорынды құраса, 2010 жылы 514, 2011 жылы 245 кәсіпорынды құраған.
Қазан айындағы мәліметке сай, елдегі жұмыс істеп тұрған бизнестің 10,3 пайызы мемлекеттік немесе мемлекеттің қатысуындағы кәсіпорындар. Сонымен қатар, кей салада мемлекеттің қатысуы жоғары болса, енді бір салаларда керісінше, төмен.
Елдегі бизнестің 97 пайызы шағын бизнес болса, ондағы мемлекеттің қатысуы 8,8 пайызды құрайды. Соңғы екі жылда бұл көрсеткіш 0,5% азайған.
Ірі бизнестің саны аз болғанымен, елдің экономикасын құраушы негізгі сектор солар. Қазіргі таңда ірі бизнестің 46,9%-ы мемлекеттің қолында. Бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. 2007 жылы аталған көрссеткіш 41,7% болған еді.
Ал орта бизнестегі мемлекеттің қатысуы 56,5%. Мұндағы мемлекеттің қатысуы төмендеп келеді. 10 жыл бұл осы көрсеткіш 60% болған еді.