Мемлекеттің экономикадағы үлесі қысқарады

935

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2025 жылға қарай мемлекеттің экономикадағы үлесі қанша пайызға азаятынын айтты,  деп хабарлайды inbusiness.kz

Мемлекеттің экономикадағы үлесі қысқарады

"Кәсіпкерлікті дамыту" жөніндегі ұлттық жобаның бәсекелестікті кешенді дамыту бағыты аясында тауар биржасын ілгерілету, мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту және бәсекелестік орта қалыптастыру шаралары көзделгенін еске салған министр: "2025 жылға қарай мемлекеттің экономикадағы үлесі 14%-ға дейін қысқарады", – деді. 

Бұдан кейін министр сұйытылған мұнай газын тауар биржасы арқылы өткізу үлесі 80-нен 100 пайызға дейін ұлғаятынын мәлімдеді. 

"Мемлекеттік тапсырмалар саны 157-ден 70 бірлікке дейін қысқартылады. 20 оператор таратылып, қайта ұйымдастырылады. Бірыңғай операторлар саны 1,6 есе азаяды", – деді Әсет Ерғалиев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу