Мемлекеттің экономикадағы үлесі шамамен 14%-ға дейін қысқарды

504

2019 жылдан бастап мемлекеттің қатысуымен 1 мыңға жуық ұйым жекешелендірілді.

Мемлекеттің экономикадағы үлесі шамамен 14%-ға дейін қысқарды

Әлихан Смайылов жекешелендіру мемлекеттің экономикадағы рөлін шектеу жөніндегі негізгі бағыттың бірі екенін атап өтті. 2019 жылдан бастап мемлекеттің қатысуымен 1 мыңға жуық ұйым жекешелендірілді.

"IPO және SPO-ға "ҚазМұнайГаз" және "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компанияларының акциялар пакеттері сәтті шығарылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Аталған шаралардың нәтижесінде 2023 жылы мемлекеттің экономикадағы үлесі шамамен 14%-ға дейін қысқарды", - деді ол.

Премьер-Министр, сондай-ақ, квазимемлекеттік сектордың әлеуметтік жауапкершілігін күшейту бойынша тағы бір бастама іске асырылғанын айтты. Осы жылдан бастап "Самұрық-Қазына" қорының таза табысының 7% жыл сайын "Қазақстан халқына" Қоғамдық Қорына аудару жүзеге асырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу