2020 жылдың 1 маусымында мемлекеттің қатысуымен жұмыс істейтін 679 жеке заңды тұлға тіркелген. Бір жыл ішінде олардың саны 11%-ға азайған. Қазіргі таңда олардың 581-і немесе 85,6%-ы жұмысын атқарып жатыр. Олардың саны былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 10,8%-ға қысқарды.
Мұндай компаниялар Нұр-Сұлтан (115), Алматы (62) және Қарағанды облыстарында (45) көбірек.
Ескере кететін жайт, барлық өңірде делік мемлекеттің қатысуымен кәсібін дөңлетіп отырған кәсіпорындардың саны биыл азайған. Осындай компаниялар ақпарат және байланыс , кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, сумен қамтамасыз ету,қалдықтарды жою және өңдеу сияқты салаларда көп.
Ресми дерек бойынша, 2020 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша құны 1,8 трлн теңге болатын 786 мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімі жасалған. Оның 10-ы республикалық, 776-сы жергілікті деңгейде жүзеге асқан. 910 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған екен.
Табиғат Нұрболат