Мемлекеттің кепілдігімен АДБ 72 миллиард теңге қарыз беретін болды

805

Мемлекеттің кепілдігімен АДБ 72 миллиард теңге қарыз беретін болды

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ мен "Азия Даму банкі" Қазақстан Республикасы үкіметінің мемлекеттік кепілдігімен 72 млрд теңге сомасындағы қарыз туралы келісімге қол қойды,  деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.  

Кепілдік ҚР үкіметінің "Азия Даму банкінің" қаражаты есебінен екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдар арқылы микро, шағын және орта бизнесті қаржыландыру" жобасы бойынша қаулысының негізінде берілді.

ҚР Ұлттық банкімен әріптестіктің арқасында АДБ қарызы ұлттық валютада беріледі. Бұл - кәсіпкерлердің валютаға қатысты тәуекелдерін азайтады. Яғни, ақша банкке теңгелей салынып, борышкерлер де қаржыны теңгелей алады.

Бүгінгі күні қор "ЦентрКредитБанкі" және "Нұрбанкпен" несие келісіміне қол қойды. Алдағы уақытта "Kassa Nova банкі" мен "Forte Bank" және "KMF" микроқаржы ұйымымен жалпы сомасы 48 млрд теңгеге келісімге қол қойылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу