Мемлекеттің колледждерді қолдауын тоқтату ұсынылды

898

Үкімет, "Атамекен" ҚР ҰКП  және ҚР білім және ғылым министрлігінің бірлескен жұмысы барысында мемлекеттік колледждерді бейінді бизнеске сенімді басқаруға беру туралы келісімдер жасалған болатын.

 Мемлекеттің колледждерді қолдауын тоқтату ұсынылды

ҚР үкіметі отырысында "Атамекен" ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев жекелеген ұйымды құрудың қажеттілігі туралы айтты, деп хабарлайды atameken.kz.

Спикердің айтуынша, еңбек нарығын білікті мамандармен қамту үшін білім беру жүйесі және жұмыс берушілер өзара тұрақты әрекеттесуі қажет. Кәсіби білім беруді дамыту бойынша жобалық алқаны осындай алаң ретінде пайдалану бойынша шешім қабылданды.

Осы  жобалық алқаның шеңберінде дуальді оқытуды қалай ұйымдастыруға болады (жұмыс орнындағы оқыту), колледждерді кімге және қалай сенімді басқаруға беруге болады, оқу гранттарын қалай тиімді бөлуге болады, кәсіпорында қысқа мерзімді оқу курстарын қалай ұйымдастыруға болады, біліктіліктің ұлттық жүйесі қалай жұмыс істеу керек сияқты 5 өзекті мәселе шешілетін болады.

Үкімет, "Атамекен" ҚР ҰКП  және ҚР білім және ғылым министрлігінің бірлескен жұмысы барысында мемлекеттік колледждерді бейінді бизнеске сенімді басқаруға беру туралы келісімдер жасалған болатын.

"Көп колледжде жұмыс берушілермен қарым-қатынас жолға қойылмаған, база тиімсіз қолданылып, оқу бағдарламалары ескірген. Бұл мәселелерді мемлекеттік оқу орындарын сенімді басқаруға беру арқылы шешуге болады. Бірақ ол үшін әр жұмыс берушіге жобалық алқа шеңберінде сүйемелдеу көрсетіп, басқаруға беру меанизмдері әзірленіп, жұмыс берушілерге арналған критерийлер жасақталуы қажет", – деді Олжас Ордабаев.

Олжас Ордабаевтың пікірінше, мемлекетке колледждерді қолдауды тоқтатып, оларға бәсекеге пісуге мүмкіндік беру қажет. Гранттар мықты түлектерге берілуі керек.   

Ұлттық палата  Жобалық алқа жұмысының бір бағыты ретінде біліктіліктің ұлттық жүйесін жасауды ұсынды. Қазіргі таңда біліктіліктің 37 салалық шеңбері, 95 кәсіби стандарт бекітілген, алайда олар барлық салаларды қамтып отырған жоқ.

"Аталған салада жұмысты күшейту мақсатында бірыңғай өкілетті органды құру абзал. Мұндай орган әлемнің көп елінде құрылған. Мысалға Түркияны келтіруге болады, онда біліктілік шеңберлері, кәсіби стандарттар, сертификаттау орталықтарын аккредиттеуді әзірлеуге толық жауапты ұйым құрылған (MYK)", – деді Олжас Ордабаев.

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин өз кезегінде "Атамекен" ҚР ҰКП бастамасын қолдап, айтылған мәселелердің барлығын шешу мақсатында   мүдделі тараптарды тартумен Жобалық алқаны құруды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу