Бұл туралы онлайн брифинг барысында ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Қабылданған шаралардың нәтижесінде қоғамда құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидаты қалыптасқанын атап өткен жөн. Нәтижесінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды тіркеу 14%-ға, оның ішінде тұрмыстық қылмыстар төмендету үрдісі байқалады. Сонымен қатар, кейбір полицияның регрессивтік шаралары тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шеше алмайды", – деді спикер.
Осыған байланысты Үкімет тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша яғни осы салалағы саясатты қайта қарау жөніндегі жол картасын іске асыруда (28.08.2023 ж.).
"Өңірлерде өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау бойынша мобильді топтар құрылды. Учаскелік инспекторлар 150 мың отбасын аралады, мемлекеттің көмегіне мұқтаж 500-ден астам отбасы анықталды. Олар туралы мәліметтерді мүдделі мемлекеттік органдарға жіберді. Тәулік бойы "111" және "150" жедел желісінің телефондары жұмыс істейді, оларға әр бір қоңырау шалған адам тиісті кеңес немесе қолдау ала алады. 2023 жылғы 8 желтоқсанда Президенттің Жарлығымен (№409) бекітілген Адам құқықтары және заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарына сәйкес Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Закиева Динара Болатқызымен және Парламент Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды ілгерілету жөніндегі шараларды күшейту жөнінде заңнамалық түзетулер әзірленді.
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруді және ұрып-соғуды қылмыстық жауапкершілікке тарту жоспарлануда.
Құқық бұзушының мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптар шеңберінде сотқа "агрессорды" тұрғын үйден уақытша шығару құқығы беріледі.
Сонымен қатар, оған әлеуметтік бейімделу орталықтарында өз іс-әрекеттерін уақытша қарастыру ұсынылады", – деді ІІМ өкілі.
Сондай-ақ, сот "агрессордың" Денсаулық сақтау ұйымдарында міндетті психокоррекциялық курстардан өтуін тағайындауға құқылы болады.
Осыған ұқсас ерекше талаптар Қылмыстық кодекс шеңберінде де белгіленді.
Сонымен қатар, ІІМ-де отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған дербес бөлімше құрылмақ.
Ол бөлімшелер тек осы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреспен айналысады.