Мемлекеттің жерін өз бетінше иемденген жеке шаруашылық серіктестігіне айыппұл салынды

250

Жеке шаруашылық серіктестігі 1 млн теңгеден аса айыппұл төледі.

Мемлекеттің жерін өз бетінше иемденген жеке шаруашылық серіктестігіне айыппұл салынды Фото: canva.com

Абай облысы Жарма ауданының жер қатынастары бөлімінің хаты негізінде Абай облысының Жер ресурстарын басқару департаментімен ЖШС-ге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде ЖШС-мен мемлекет меншігіндегі жер учаскесін өз бетінше пайдалану фактісі анықталды. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 10-тармағын бұзғаны үшін ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 292 200 теңге сомасында айыппұл төледі.

Сондай-ақ Департаментпен Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 164-1-бабына сәйкес өз бетінше иеленген жер учаскесін қайтаруды талап ету үшін материалдар жергілікті атқарушы органға жолданды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу