Меморгандардың қымбат жиһаздан бас тартуына БАҚ-тың да ықпалы бар – Сәбит Ахметов

546

Бюджеттік бағдарламалардың басым бөлігі БАҚ-та жарияланым шыққаннан кейін өз еркімен сатып алулардан бас тартып, тендерді алып тастап жатыр.

Меморгандардың қымбат жиһаздан бас тартуына БАҚ-тың да ықпалы бар – Сәбит Ахметов

Мемлекеттік органдар қымбат жиһаз сатып алмайтын болды. Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алулар заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов осылай деді. 

"Мораторий жарияланғаннан кейін мемлекеттік органдар қымбат жиһаз сатып алмайтын болды. Бүгінге дейін қымбат жиһаз сатып алуға қатысты бірде-бір факті тіркелген жоқ. Дегенмен мораторий белгіленгенге дейін, нормативтік-құқықтық актілер шыққанға дейін сатып алынған жиһаздар бар", – деді департамент директоры.

Сөз арасында ол журналистер мемлекеттік органдардың қымбат жиһаз сатып алуына тосқауыл қоюға ықпал еткенін айтты.

"Қазіргі уақытта әрбір жайтқа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарының дереу үн қатып, сатып алуларға мониторинг жасап отыратыны қуантады. Бюджеттік бағдарламалардың басым бөлігі БАҚ-та жарияланым шыққаннан кейін өз еркімен сатып алулардан бас тартып, тендерді алып тастап жатыр", – деді Сәбит Ахметов.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу