Видеолардың бірінде зардап шеккен тараптың өкілдері Нүкенованың Бишімбаевтың соққысынан ұшып бара жатқанын байқаған. Бұл ретте Бишімбаевтың өзі де, қорғаушылары да видеодағы тепкенді көрмей отыр.
Қорғаушы Ләйлә Рамазанова: Ұшып кететіндей тептіңіз бе? Сіз бұл жазбада орын алуы мүмкін соққының салдарын көріп тұрсыз ба? - деді.
"Шынымды айтсам, мен тепкенді мүлде көріп тұрған жоқпын", деді Бишімбаев.
Жәбірленушінің өкілі Жанна Уразбахова: Сонда неге құлап қалады? - деп сұрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу