Түркістан облысында науқас әкесін соққыға жыққан 41 жастағы Алмас Садақбаев сотта соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ешкім алдында не боларын білмейді екен. Істеген ісіме шынайы өкінемін. Бұл ісіме өмір бойы өкінемін. Шынын айтқанда, бас көтеріп жүре алмай қалдым. Жүруге де хақым қалмады. Білместік болды, пендешілік болды. Мен де пендемін ғой. (...) Шынайы өкініп отырмын. Қателестім, толық мойындаймын", – деді айыпталушы.
Алмас Садақбаев адвокат жалдауға да ақшасы болмағанын айтты.
"Барша Қазақ елінен кешірім сұраймын. Түсіністікпен қарауыңызды сұраймын. Білмей қалдым, ашуға бой алдырып қойдым. Ешкімнің басына мұндайды салмаса екен деймін. Ешкім өмірде қателеспесе екен, қылмыс жасамаса екен деп тілеймін", – деді ол.
Сот үкімі бүгін шығады.