Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев сотында танылған прокурор Айжан Аймағанова әлеуметтік желідегі парақшасында Шерзаттың ісіне қатысты өз пікірімен бөлісті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Біздің жазбаның астына және айдарымызға Шерзаттың ісі бойынша халықтан көп сұрақ келуде. Әрине, мен де Шерзаттың ісіне алаңдаймын, бұл іс менің де жүрегімді қозғады, бірақ, бәрі заңға сәйкес болады. Бір қағиданы ескерейік: әрқайсымыз өз орнымызда еңбектенуіміз керек, өз жұмысымызды адал атқаруға міндеттіміз. Алматы облысындағы менің әріптестерім өз жұмысын адал атқарып жатқанына мен сенімдімін", – дейді прокурор.
Осы жазбаға қатысты көпшілік қауым өз ойларын жазып, пікір білдіруде. Көбі прокурордың кәсіби қызметін жоғары бағалап, істі өз бақылауына алуын өтініп сұраған.