Форумның екінші күнінің бірінші сессиясына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, өз пікірін білдірді, деп жазады inbusiness.kz.
"Бүгінгі форумға еліміздің түкпір-түкпірінен шет елдерден еріктілер келіп отыр. Кешеден бері өзекті мәселелер талқыланып, жиынға қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды, тәжірибелерімен бөлісті. Мұның бәрі игі істерді одан әрі жалғастыруға зор мүмкіндік береді. Қазақстанда еріктілерді қолдауға жан-жақты жағдай жасалған. Мен өзім еріктілерді барынша қолдаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Игі шара БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори оқып берген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің құттықтау сөзімен басталды.
Форумға 34 елден 140-тан астам еріктілер қатысып жатқанын еске саламыз. Сонымен қатар, 50 шетелдік спикер келді.