"Мен оны түрмеге отырғызамын"

1590

Алматыда қызметтік міндетін орындауға барып, таяқ жеп қайтқан сот орындаушысы халыққа амандығын жеткізді. 

"Мен оны түрмеге отырғызамын"

Желіде талқыға түскен бейнежазбадағы сот орындаушысы өзінің дін аман екенін жеткізді. Алайда ол өзіне шабуыл жасаған адамды түрмеге отырғызбақ ниетте екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бәрі жақсы. Тірімін және аман-саумын. Ол бауырымнан ұрғысы келді, бірақ соққысы өкпеме тиді. Сол сәтте тынысым тарылып, дем ала алмай қалдым. Менде бәрі жақсы, кейін демім қайта қалпына келді. Мен оны (авт. түрмеге) отырғызамын", – деді сот орындаушысы.

Еске сала кетсек, Алматыда "қызмет барысында" жеке сот орындаушысына "шабуыл жасалды". "Шабуылға" бокстан әлем чемпионы Жаңқош Тұраровтың да қатысы болуы мүмкін. Бұл туралы Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы мәлімдеген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу