"Мен өз жазамды алуға дайынмын": Байжанов соттағы соңғы сөзін айтты

813

Оның айтуынша, ол сол түні ауыр қылмыс жасалып, Салтанаттың көз жұмғанын білмеген.

"Мен өз жазамды алуға дайынмын": Байжанов соттағы соңғы сөзін айтты Фото: Жоғарғы сот

Бүгінгі сот отырысында айыпталушы Байжанов соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты. 

Оның айтуынша, ол сол түні ауыр қылмыс жасалып, Салтанаттың көз жұмғанын білмеген.

"Мен ант ете аламын, сол түні ауыр қылмыс жасалып, Салтанаттың өлгенін білмедім. Егер білсем, шын айтым, бұл әрекеттердің біреуін де жасамас едім. Мен бұл әрекеттерімнің қылмысты жасыру болып есептелетінін білген жоқпын. Егер мен расынды бұл сұмдық қылмысты жасырған болсам, өзімді қорғамас едім. Мен өзімді кешірмес едім.

Құрметті алқабилер үкім шығарарда, ең басты сұраққа жауап табуларыңызды сұраймын. Себебі тергеушілер бұл сұраққа жауап таппады. Бар үміт тек сіздерге", - деді ол. 

Сонымен қатар, ол Салтанатты еске алып, жақындарына көңіл айтты. Өз жазасын алуға дайын екенін жетткізді.

"Осы күндері Салтанатпен кездескен сирек көріністерді еске алдым. Ол жақындарына қуаныш сыйлап, өз мейірімін төгер еді. Ол өте жақсы, шынайы адам болды. Енді Салтанаттың туыстар мен жақындарының бұл ауыртпалығын ешқандай сөзбен жеңілдете алмаймыз. Мен өз жазамды алуға дайынмын", - деді Байжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу