Мен өзімді ақтауға тырыспаймын – сотталушы Нұрбол Тоқтаубаев

Бүгін Шерзат Полат ісіне күдікті деп танылғандар да жарыссөзде сөйлеп жатыр. 

Мен өзімді ақтауға тырыспаймын – сотталушы Нұрбол Тоқтаубаев Фото: zhogargy sot

Айыпталушы Н.Тоқтаубаев бұған дейін өз кінәсін жартылай ғана мойындайтынын айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Мен өз жасаған әрекеттеріме тергеу және сот барысында өз кінәмді жартылай мойындаймын. Мен өзімді ақтауға тырыспаймын. Оқиға болған түні мен ешқандай қылмыс жасау ниетімен шыққан жоқпын. Маған досым Дархан (Әскентай) хабарласып, өзін ұрып кеткеннен кейін көмек сұрады. Дархан – менің көптен бергі жақын досым. Мен досымның жағдайын анықтау үшін ғана бардым. Оқиға орнына барғаным рас. Бірақ, жанжал тудырмадым, ешкімге күш қолданған жоқпын, қолымда пышақ болған жоқ, – деді ол.

Сотталушы Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты жазалауды сұрады. Сондай-ақ, Дидар Қалиахмет пен Думан Ысқақтың төбелеске түк қатысы жоқ екенін айтты.

– Оқиға болған түні қолымда пышақ болған жоқ. Және туған бауырым Азаматтың төбелеске қатысы жоқ. Оның қолында да пышақ болмады. Төбелес барысында белсенді әрекет жасаған тұлға емес. Жәбірленуші Н.Ғайыпбаев мылтықты бізге қаратып атқаннан кейін оны екі рет тептім. Сол үшін кешірім сұраймын. Маған 293-бабының 3-бөлігі деп прокурор айып тағып отыр. Онымен келіспеймін. Сонымен қатар, Шерзат Полаттың өліміне Нұрымов Қаржаубайды күдікті деп танып, қылмыстық іс қозғауды сұраймын, қорғаушымды қолдаймын. Төбелесте Дидар Қалиахметті мүлдем көрмедім. Думан Ысқақ машинада отырды, төбелесті көрген жоқ, ештеңе білмейді. Балалардың қолынан пышақты да көрмедім, – деді ол.

Бұған дейін сотталушы Равиль Сәкиевтің Қаржаубай Нұрымовқа рақмет айтқанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу